CitizenSec Comic Con 2026-да 🎮

Citizen
Citizen Sec,

CitizenSec Comic Con Astana 2026-да
6–9 тамыз аралығында елдегі ең үлкен поп-мәдениет фестивалінде кибергигиенаға арналған интерактивті аймағымызбен боламыз. Келіңіздер, бізде қызық болады.
Кім екеніңізді біліңіз: Жаңа Сарбаз, Кибер-Қорғаушы әлде Қауіпсіздік Гуруы
Стендте супергеройлармен суретке түсіп қана қоймай, өзіңіз солардың біріне айнала аласыз. Алдымен квизді өтіңіз. 8 сұрақ, үш минут уақытыңызды қажет етеді. Картадан ақша кеткені туралы SMS, «қауіпсіздік қызметінен» қоңырау, шотты жедел төлеуді сұраған «бастықтың» дауыстық хабарламасы жайлы сұрақтар, бұл адамдардың күн сайын басынан өтіп жатқан оқиғалардың жиынтығы, салдарынан ақшасынан айырылып жатады. Квиздің соңында кім екеніңізді білесіз: Жаңа Сарбаз, Кибер-Қорғаушы әлде Қауіпсіздік Гуруы.
Comic Con-ға арнайы жасаған аркада ойындарымыз
Квиз аз болса, бізді аркад ойындары бар. Оларды Comic Con-ға арнайы дайындадық, өйткені кибергигиенаны әдістемеден оқығаннан гөрі ойнап үйрену әлдеқайда жағымды. Әртүрлі сюжет, әртүрлі тапсырма, әрқайсысында алаяқтың жемі болу-болмауын өзіңіз шешесіз. Нәтижелер платформадағы ойыншылар рейтингіне түседі, сондықтан лидербордқа кім шығатынын life-форматта көреміз.
Тағы бір тұзақ бар
Залда карточкалар шашылып жатады: жоғалған VIP-өткізбе, тегін мерч, эксклюзивті фигурка. QR-ды сканерлейсіз, ал нағыз қызық содан басталады. Спойлер жасамаймыз. Бірақ бүгін осындай нәрсені сканерлеп үлгерсеңіз, келіңіз, талқылайық.
Стендте Сізді не күтіп тұр
Квизден өткеніңіз үшін нағыз мерч береміз. Ал стендтегі мамандарымыз кез келген қызықтырар сұраққа жауап береді: «алаяқтың қоңырауын қалай тануға болады» дегеннен бастап «аккаунтымды алып қойса не істеймін» дегенге дейін. Бәрі қазақ және орыс тілдерінде .
Келіңіздер, өздеріңізді тексеріңіздер, мерч алыңыздар. Comic Con Astana 2026-да кездескенше.
Сізді қызықтыруы мүмкін
Тегін скиндер ме, әлде телефоннан айырылу ма: алаяқтар балаларды бопсалау үшін Apple ID-ді қалай қолданады?
Ойындағы алаяқтар балаларды қорқытпайды – олармен «дос» болады. Тегін бонустар уәде етіп, есесіне телефонды, жеке суреттеріңіз бен банк карталарыңызды толық бақылауға алады.

MSSP Global
15-07-2026Взлом Discord. Данные пользователей службы поддержки оказались в руках хакеров
Платформа Discord сообщила о кибератаке, в результате которой часть данных пользователей оказалась украдена. Инцидент произошёл не из-за ошибки самой компании, а из-за взлома стороннего подрядчика, который помогал Discord обрабатывать обращения в службу поддержки.

@CitizenSec
07-10-2025Cookies, Super Cookies, Fingerprint және Мақсатты жарнама: бұлардың байланысы қандай?
Cookies, super cookies, fingerprint және мақсатты жарнама: пайдаланушылардың әрекеттері қалай бақыланады, қандай технологиялар қолданылады және жеке өмірді қалай ішінара қорғауға болады.

@CitizenSec
19-05-2025Полное руководство по шифрованию диска: что это, зачем нужно и как сделать
Шифрование диска — это важный инструмент для защиты данных на вашем устройстве.

@CitizenSec
15-05-2025Киберқауіпсіздік журналы
Бүгін біз сіздермен кибергигиена бойынша кеңестерімізді мәтіндік форматта, журнал түрінде бөлісуге қуаныштымыз.

@citizensec
28-01-2025CitizenSec порталында тіркеуді аяқтап, сертификат деректерін жаңартыңыз
Сіздерден CitizenSec порталында тіркеуді аяқтап, кибергигиена курсын өткендігі туралы сертификат деректерін жаңартуды сұраймыз.

@CitizenSec
02-08-202459% паролей взламываются за час - узнайте, как защитить свои данные и обеспечить безопасность в сети
Современные компьютеры в 2024 году могут взломать пароли, которые раньше считались надежными, за несколько секунд.

@CitizenSec
27-06-2024Как вредоносные документы Word и QR-коды превращают обычные фишинговые атаки в опасное оружие
Хакеры часто используют вредоносные документы Word, которые могут содержать макросы с вредоносным кодом. Такие файлы при открытии могут нанести вред компьютеру жертвы.

@CitizenSec
26-06-2024Как не попасться на фишинг
В данной статье мы поговорим о том, что такое фишинг, покажем примеры такого вида мошенничества и расскажем о методах противодействия.

@CitizenSec
15-06-2024