Баяндама материалдары

Баршаға арналған кибергигиена

Цифрлық қауіпсіздікті күнделікті өмірдің бір бөлігіне қалай айналдыруға болады: құралдар, промпттар, нөмірлер және дереккөздер бір бетте.

Гүлдана Жұматай · CitizenSec жетекшісі, MSSP GLOBAL

Ертеңгі үш қадам

ЖИ-гигиена

ЖИ-ге не жіберуге болады, қалай баптау керек, қандай промпт ойлауды дамытады.

Ешқашан

Аты-жөні, ЖСН, бағалар, денсаулық, отбасы, балалардың фотосы, құпиясөздер

Дерексіздендірген соң

Атаусыз мәтіндер. Сирек детальдарды да алып тастаңыз: ауыл, сынып, жетістік адамды танытады

Болады

Жалпы сұрақтар, тақырыптар, сабақ жоспарлары, оқу мәтіндері

Көшіріп алуға болатын промпттар

  • Сократтық режим

    Маған дайын жауап берме. Бір-бірден сұрақ қой және мен өзім шешкенше кеңес бер.

  • Қатені табу

    Менің шешімімді тексер де, қате қай жерде екенін айт, бірақ оны өзің түзетпе.

  • Өзін-өзі тексеру

    Тақырыпты түсінгенімді тексеру үшін маған 3 сұрақ қой.

  • Дұрыс сұрау: рөл, контекст, тапсырма, формат, шектеу

    Сен 7-сыныпқа арналған биология әдіскерісің. Тақырып: фотосинтез. Түсінуге арналған 5 сұрақ құрастыр. Формат: кесте (сұрақ, жауап, жиі кездесетін қате). Деректерді ойдан шығарма, сенімсіз жерді белгіле.

Кибергигиена құралдары

Тіркелгіні, құпиясөзді және фотоны тексеруге арналған тегін құралдар.

Бірдеңе болса

Қорқыныш емес, әрекет тәртібі.

  1. Тіркеп алыңыз: скриншот, сілтеме, уақыт. Хатты өшірмеңіз.
  2. Хабарлаңыз: мектепке, жұмыс берушіге, жақындарға.
  3. Платформаға «Шағымдану» батырмасы арқылы шағымданыңыз.
  4. Қоңырау шалыңыз:
  • 111

    «Аманат»: балаларды қорғау, буллинг, зорлық-зомбылық. Тәулік бойы, анонимді

  • 102

    Полиция: бопсалау, қорқыту, балалардың суреттерін тарату

  • 1414

    eGov байланыс орталығы

  • 1459

    ҚНРДА: қаржылық алаяқтық, қаржы ұйымдары

  • 1477

    Ұлттық банктің байланыс орталығы: кеңес

Өздігінен оқу

Тегін курстар мен халықаралық ұйымдардың нұсқаулықтары.

Білім базасы және аударма

Шетелдік материалдарды аударып, өз базаңызға қосыңыз. Терминдерді өзіңіз тексеріңіз.

CitizenSec

Алаяқтарды тануға арналған тегін тренажёр, курстар және фильмдер.

Дереккөздер

Баяндамадағы әр санның түпнұсқасы.

Ескерту: MIT және тайвандық зерттеулер әлі рецензиядан өтпеген препринттер. Gerlich пен Microsoft зерттеулері себепті емес, байланысты көрсетеді.

Спикердің жеке таңдауы. Сілтемелер 2026 жылғы қазанда тексерілді.