Жаңалық

CitizenSec порталында тіркеуді аяқтап, сертификат деректерін жаңартыңыз

CitizenSec порталында тіркеуді аяқтап, сертификат деректерін жаңартыңыз

Citizen Sec

@CitizenSec , 02-08-2024

Жаңалық
#Кибергигиена
CitizenSec порталында тіркеуді аяқтап, сертификат деректерін жаңартыңыз

Құрметті пайдаланушылар,


Сіздерден CitizenSec порталында тіркеуді аяқтап, кибергигиена курсын өткендігі туралы сертификат деректерін жаңартуды сұраймыз.

Енгізілген және расталған деректерді бір рет өңдеуге болады. Барлық өрістерді мұқият толтыру қажеттігіне назар аударамыз.


Біздің порталға қазір қазақ тілінде оқыту бейнероликтері қолжетімді. Ақпараттың ана тілінде қолжетімділігінің маңыздылығын түсініп, барлық пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлылықты қамтамасыз етуге тырысамыз.


Порталдың жаңа функциясы сертификатты жаңартылған аты-жөнімен қайта шығаруға мүмкіндік береді. Сертификатты қайта шығару үшін келесі қадамдарды орындаңыз:


  1. 1. CitizenSec порталына кіріңіз.
  2. 2. CitizenSec Awareness бетіне өтіңіз.
  3. 3. "Курсты бастау" батырмасын басыңыз.
  4. 4. Деректерді толтырыңыз.
  5. 5. Дайын сертификатты жүктеп алыңыз.

Біз қызметімізді үнемі жақсартып отырамыз және жаңа мүмкіндіктер сіздің оқуыңызды одан әрі ыңғайлы және тиімді етеді деп үміттенеміз.