ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелеріне (АҚБЖ) арналған. Бұл ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін құру, енгізу, қолдау және үнемі жетілдіру бойынша нұсқаулық болып табылады.
«Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару құралдары» — мемлекеттік органдарда (МО), жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО) немесе ұйымдарда АҚ ұйымдастыру, қамтамасыз ету және басқару кезінде осы стандарттың ережелерін басшылыққа алу қажет.
«Тәуекел менеджменті. Тәуекелді бағалау әдістері» — осы стандарттың ұсынымдарына сәйкес тәуекелдерді бағалау әдісін таңдау және тәуекелдерді талдау рәсімдерін әзірлеу.
«Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері. Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі менеджменті» — осы стандарттың талаптарына сәйкес сәйкестендірілген тәуекелдерді бағалауды (қайта бағалауды) қамтитын АҚ қауіп-қатерлері (тәуекелдері) каталогын қалыптастыру.
«Ақпараттық технологиялар. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялардың қауіпсіздігін бағалау өлшемшарттары» — бірінші және екінші сыныпты ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ құпия ақпараттық жүйелерді (АЖ) құруға немесе дамытуға бастама жасалған кезде осы стандарттың талаптарына сәйкес құрамдас компоненттерге арналған қорғау профильдері мен қауіпсіздік жөніндегі тапсырма әзірленеді.
«Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар» — таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты, құпия АЖ, құпия электрондық ақпараттық ресурстарды (ЭАР) және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын ЭАР-ды қорғау мақсатында АКҚЖ-ға қойылатын талаптарға сәйкес келетін параметрлері бар АКҚЖ (бағдарламалық немесе аппараттық) қолданылады.
«Ақпараттық технология. Ақпаратты қорғау әдістері. Қосымшасы бар цифрлық қолтаңбалар» және МемСТ Р ИСО/МЭК 9594-8-98 —Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктері аутентификациялау мақсаттарында әлемдік БҚ өндірушілердің бағдарламалық өнімдерінің сенім білдірілген тізімдерінде танылуға жатады.
«Есептеу техникасы құралдары. Ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау. Жалпы техникалық талаптар» — БҚ-ны әзірлеу кезеңінде осы стандарттың ұсынымдары ескеріледі.
«Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарттар кешені» — жасалатын немесе дамытылатын қолданбалы АЖ-ның БҚ-на қойылатын талаптар осы стандарттың талаптарына сәйкес жасалатын техникалық тапсырмада айқындалады.
Электр энергетикасы туралы Заңның 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес энергетика саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген;
«Ғимараттардың электр қондырғылары. 5-бөлім. Электр жабдығын таңдау және монтаждау». 548-бөлім. «Құрылғыларды және ақпаратты өңдеу жабдығы қамтылған электр қондырғыларындағы электр әлеуетін теңестіру жүйесін жерге тұйықтау»;
«Ғимараттардың электр қондырғылары. 7-бөлім. Арнайы электр қондырғыларына қойылатын талаптар». 707-бөлім. «Ақпаратты өңдеу жабдығын жерге тұйықтау»;
«ЕҚСЖ. Электр қауіпсіздігі. Қорғаныштық жерге тұйықтау, нөлге қою»;
«Сымды байланыстың стационарлық құрылғыларына, радиорелелік станцияларға, сымды хабар таратудың радиотрансляциялық тораптарына және телевизияны ұжымдық қабылдау жүйесінің антенналарына арналған жерге тұйықтау. Қарсылық нормалары».